Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы №89 бұйрығының негізінде РЭДСО Алматы қалалық филиалында қызметкерлер арасында "Отанға деген махаббат" тақырыбында өлең шумақтарының конкурсы өткізілді. Конкурсқа филиал мамандары қатысты.


Кадр комиссиясының шешімімен "Отанға деген махаббат" тақырыбындағы өлең шумақтарынан конкурс жеңімпазы болып МАӨС бас маманы Есбол Тынысбекұлы Төлеу танылды, ол халық ақыны Қ.Аманжоловтың "Туған жер" атты өлең шумақтарын оқыды. Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз!!! Конкурсқа жауапты көзқарас танытып, әдемі шығармашылық орындау үшін алғысымызды білдіреміз!