Ардақты әріптестер! Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз.