2020 жылғы 07 қыркүйекте «РЭДСО» Алматы қалалық филиалы ұжымы арасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқы тілдері күніне орай, «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинардың мақсаты - Тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қоғамға мемлекеттік тілдің міндеті мен мәнін көрсету, сонымен қатар Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу болып табылды. Вебинар барысында «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында жасалған тұсаукесер, бейнеролик көрсетілді (сілтемесі: https://tilalemi.kz/article/2468-.html). Көрсетілген материалдар филиалда жұмыс жасайтын өзге ұлт өкілдерінің арасындағы достық қатынасты одан әрі нығайтып, бірлігіміз бен татулығымызды сақтауға игі ықпалын тигізді. «Қазақ тіліне реформа, тіпті қажет десеңіздер, тілімізді жаңғырту қажет. Ғалымдарымыздың салмақты пікірлерін күтеміз. Тағы да қайталап айтамын, біз нақты қазақ тілін реформалаймыз. Мұндай ұлтымыз үшін тағдыршешті мәселеде науқаншылдыққа және жеңілтектікке жол беруге болмайды»,- деп Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев айтып өткендей, іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.