Медициналық ұйымдардың «Емхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

«Емхана» порталы медициналық ұйымдардан келген ақпараттарды, оның ішінде балалар мен ересектерге профилактикалық медициналық тексерулер (скринингтер) жүргізу бойынша   ақпараттарды сақтау және есеп құжаттарын алу мақсатында «Амбулаториялық науқастың статистикалық картасы» 025-5/у нысанын, «Баланы Профилактикалық Медициналық тексерудің (скрининг) статистикалық картасы» 025-7/у нысанын, «Ересектерге профилактикалық тексерулер жүргізуге арналған амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы» 025-8/у нысанын автоматты енгізу және өңдеу үшін тағайындалған.

«Емхана» порталының компоненттері қолданылатын автоматтандыру объектілерінің тізбесі Денсаулық сақтау министрлігін, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларын, амбулаториялық-емханалық ұйымдарды, консультациялық-диагностикалық орталықтарды, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК аумақтық филиалдарын және басқа да мүдделі ведомстволарды қамтиды.

Жүйеге кіру  https://www.eisz.kz сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

 

«Амбулаториялық-емханалық көмек порталы» ақпараттық жүйесінің «Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімі» модулі

Аталған жүйе пациент туралы дербестендірілген деректерді құру үшін, оның амбулаториялық-емханалық ұйымдарға баруы туралы мәліметтерді жинау үшін тағайындалған. Жүйе үшін автоматтандыру объектісі амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау медициналық ұйымдарының қызмет саласы болып табылады.

Осы кезде жүйеде «Электрондық Үкімет» порталы арқылы «Дәрігердің қабылдауына жазылу» және «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметтерін алу мүмкіндігі бар.

Жүйеге кіру https://www.eisz.kz сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент

Порталдың тағайындалуы МСАК ұйымдарын қол жеткізген нәтижелері үшін, медициналық қызметкерлерді материалдық көтермелеуге, оларды кәсіби оқытуға бағыттап қаржыландыру үшін жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамын анықтаудан тұрады. Портал әр өңір бөлінісінде МСАК ұйымдарының индикаторлары жүйесінің баллдары құнын есептеуді автоматтындыру, МСАК тарифіне қосымша компонент сомасын есептеу негізінде анықтау үшін тағайындалған.

Жүйені құру және енгізудегі басты мақсат бастапқы денсаулық сақтау деңгейінде халыққа көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмектің сапасын арттыру болып табылады.

Портал жұмысының негізгі нысаналы көрсеткіштері:

- ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету;

- көзге көрінетін онкологиялық ауруларды ерте анықтау. Туберкулезбен күресу;

- емдеуге жатуды төмендету, сырқаттану кезінде МСАК деңгейінде реттелетін тұрақты өмір сапасымен қамтамасыз ету;

- бастапқы және стационарлық деңгейлері арасында медициналық көмек көрсету сабақтастығын қамтамасыз ету;

-әлеуметтік бағытталған медицинаны дамыту.

Жүйеге https://skpn.eisz.kz сілтемесі арқылы кіреді.  

 

«Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі»

«Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі» ақпараттық жүйесі  

«Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі» ақпараттық жүйесін (ЖжФЖӘТ) құрудағы мақсат жүкті және фертильдік (ұрпақты болу) жасындағы әйелдердің денсаулығы көрсеткіштерін мониторингілеу мақсатында топтарын анықтап, жүргізу болып табылды. Жүйе қолданушылары амбулаториялық деңгейдегі медициналық ұйымдар болып табылады (акушер-гинекологтар, терапевтер).  

«ЖжФЖӘТ» АЖ негізгі  функциялары:

- «Жүкті және босанатын әйелдің жеке картасы» есеп нысанының негізінде жүкті әйелдердің топтарын жүргізу;

- фертильдік жастағы әйелдердің топтарын жүргізу;

- шығармалы нысандарды қалыптастыру.

Жүйеге кіру https://www.eisz.kz сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.  

 

«Жіті коронарлы синдром тіркелімі» 

«Жіті коронарлы синдром тіркелімі» ақпараттық жүйесі  

«Жіті коронарлы синдром тіркелімі» ақпараттық жүйесі («ЖКСТ» АЖ) жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бар пациенттерді тіркеу үшін, оларды әрі қарай бақылау үшін және диагностикалау мен емдеу хаттамалары алгоритмінің бұзушылықтарын анықтау және тіркеу, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау мақсатында статистикалық және талдамалық есептілікті құру үшін тағайындалған.

«ЖКСТ» АЖ негізгі функциялары:

- стационарлық деңгейде жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бар пациенттің картасын жүргізу;

- амбулаториялық деңгейде жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бар пациенттің картасын жүргізу;

- статистикалық және талдамалық кестелерді құру.

Жүйеге кіру https://www.eisz.kz сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.  

 

«Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі  

«Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СНЭТ АЖ) стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету деңгейі туралы оперативтік, статистикалық және талдамалық есептілікті алу мақсатында көрсетілген медициналық қызметтер үшін стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекті қаржыландыруға қежетті емделген жағдайлар туралы барлық ақпаратты, нақты айтқанда стационардан шыққан адамның статистикалық карталардың және шығару эпикриздерің көлемі, өзекті ақпаратқа қолжетімділік туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай, орталықтандырылған, ақпараттық деректер базасын құру үшін деректерді жинау жеделдігін қамтамасыз етуге арналған.

СНЭТ АЖ құрудың басты мақсаты:

- стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек бойынша емделген жағдайлар туралы ақпаратты жинау, толық және дұрыс болу жеделдігін арттыру;

- төсек-қоры жұмысының тиімділігін жоғарылату;

- медициналық көмек жабдықтаушылары үшін емделген жағдайлар құнын құру айқындылығы, нәтижелерді қаржыландыру сияқты Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің қағидаттарын іске асыру.

мекенжайы: https://ersb.eisz.kz/

 «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі:

«Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі заманауи ақпараттық технологияларды, жүйелі технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық әдістемелерді, сондай-ақ басқару органы мен денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына және басшылығына ақпаратты ұсыну, енгізу, беру, талдау, өңдеу операцияларын орындау мақсатында қолданылатын есептеуіш техника құралдарын пайдалану негізінде ұсынылатын медициналық қызметтерді жоспарлау, есепке алу, талдау және басқару (ұйымдастыру), сонымен қатар сапасын бақылау бойынша басқарушы органдары мен денсаулық сақтау ұйымдарының жекеленген мамандарының және басшылықтың, құрылымдық бөлімшелердің функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету үшін тағайындалған.

https://sukmu.eisz.kz

 «Дәрілік қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесі жөніндегі анықтама

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы №37 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында амбулаториялық деңгейде ТМККК көрсететін амбулаториялық-емханалық және дәріханалық ұйымдарының бірлесе қолдануына «Дәрілік қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДҚАЖ) ұсынылып, енгізілген болатын. 

ДҚАЖ басты міндеттері:

- жұмыс орындарында дәрігерлердің рецептілерді жазып беруін іске асыру;

- амбулаториялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және тегін дәрілік қамтамасыз ететін дәріхана ұйымдарының өзара іс-қимыл жасауын іске асыру;

- дәріхана ұйымдарында ДЗ мен ММБ тегін қамтамасыз етуді есепке алу;

- Есептік ақпаратты алу үшін Жүйеге енгізілетін деректерді алу мүмкіндігін жүзеге асыру болып табылады.

  ДҚАЖ негізгі қолданушылары рецептіні жазып беретін медициналық ұйымдар және рецептілермен қамтамасыз етуге қатысатын дәріхана ұйымдары.

https://islo.eisz.kz/

Бекітілген халық тіркелімі (БХТ)

Ақпараттық жүйенің тағайындалуы.

БХТ АЖ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін әр денсаулық сақтау ұйымына бекітілген халықтың нақты саны туралы орталықтандырылған ақпараттық деректер базасын құру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының  туу туралы, қайтыс болу/ перинаталдық өлім туралы медицитналық куәліктерді тіркеуі үшін тағайындалған. Бұл ретте, медициналық көмекті мемлекеттік, сонымен қатар ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге уәкілетті органмен шарттық қатынастары бар жемекеншік медициналық ұйымдарда да алуға болады.  

Автоматтандыру объектілерінің тізбесі:

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

- денсаулық сақтау ұйымдары;

- «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК және оның филиалдары.

Нормативтік құжаттар:

- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексі (өзгерістермен және толықтырулармен);

- «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулармен);

 

-«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы;

 

-«МСАК көрсету қағидаларын және Азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығы;

 

- «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығы;

 

- «Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 665 бұйрығы;

 

-«Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету қағидаларын мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығы.

Ақпараттық жүйеде авторлану:  www.eisz.kz сілтемесі арқылы

 

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Туберкулезбен науқастардың ұлттық тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі

Жүйе диспансерлік есепке алынған, есептен шығарылған және есепте тұрған туберкулезбен науқастар туралы деректерді жинау және өңдеу үдерісін автоматтандыру үшін тағайындалған.

Аталған ақпараттық жүйе екі бөлімге бөлінген (ұйым түріне қарай): Азаматтық сектор  және Пенитенциарлық сектор.

ТНҰТ порталының құрылымы келесідей негізгі компоненттерден тұрады:

  1. «Клиникалық жұмыс»  –  пациент бойынша ақпараттарды енгізу және қарау үшін тағайындалған, ол келесі функцияларды атқарады:
  • ТБ 16 –диспансеризация туралы мәліметтер;
  • ТБ 01 – туберкулезбен науқастың картасы;
  • IV санаттағы ТБ 01– IV санаттағы туберкулезбен науқастың картасы.
  1. «Зертхана» – жүргізілген зертханалық зерттеулер бойынша ақпараттарды енгізу үшін тағайындалған.
  2. «Есептер» –  Облыстар, өңірлер, МҰ бөлінісінде статистикалық, талдамалық шығармалы нысандарды қалыпастару үшін тағайындалған.
  3. «Әкімшілендіру» – қолданушылардың қолжетімділік құқықтарын басқару, жүйе конфигурациясын баптау үшін тағайындалған.

ТНҰТ порталы РБЖ, БХТ, ЖШНҚК ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Жүйеге кіру https://www.eisz.kz  сілтемесі бойынша Бірыңғай авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады. 

 

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды есепке алу» қосалқы кіші жүйесі

Гемодиализге мұқтаж науқастарды және бар өмірінде қолдаушы иммуносупрессивті терапияға мұқтаж бүйрегін алмастырған науқастарды диспансерлік бақылау жөнінде деректерді жинау және өңдеу үдерісін автоматтандыру үшін тағайындалған.  

Жүйенің құрылымы келесідей негізгі компоненттерден тұрады:

1.«Бақылау картасы» – пациент бойынша ақпаратты енгізу және қарау үшін тағайындалған, ол келесі функцияларды атқарады:

-    гломерулярлы аурулары бар, оның ішінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар тіркелімін құру және жүргізу;

-    гемодиализ қабылдайтын науқастардың  тіркелімін құру және жүргізу;

-    бүйрегі алмастырылған науқастардың тіркелімін құру және жүргізу.

  1. «Талдамалық кестелер» – Облыстар, өңірлер, МҰ бөлінісінде статистикалық, талдамалық шығармалы нысандарды қалыпастару үшін тағайындалған.
  2. «Әкімшілендіру» – қолданушылардың қолжетімділік құқықтарын және есеп жазбасын басқару үшін тағайындалған.
  3. «Гемодиализ рәсіміне арналған ДСБ хаттамалары» - пациентті бағдарламалық гемодиализге ауыстыру туралы ДСБ комиссиясының хаттамалық шешімдерін бекіту үшін тағайындалған.

Жүйеге кіру https://www.eisz.kz  сілтемесі бойынша Бірыңғай авторлану нүктесі (БАН) арқылы жүзеге асырылады. 

 

«Емдеуге жатқызу бюросы»

Емдеуге жатқызу бюросы (бұдан әрі – ЕБ АЖ) Қазақстан Республикасының аумағында жоспарлы науқастарды емдеуге жатқызу үдерісінің қатысушыларын стационарлардағы бос төсек-орын туралы; стационарларға емдеуге жатқызылған пациенттер туралы немесе емдеуге жатқызудан бас тартулар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін тағайындалған. Қазақстан Республикасының халқына Порталдағы ақпаратты жасырын түрде көру үшін стационардағы бос төсек-орындар туралы білу және жоспарлы емдеуге жатуға күту парағын қарау мүмкіндігі беріледі.  Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық көмек алуға азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін, Қазақстан Республикасының азаматы медициналық-саниятарилық алғашқы көмек (МСАК) ұйымына бекітілуі қажет.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі

Портал материалдық және кадрлық ресурстар бөлінісінде денсаулық сақтау ұйымдары қызметін жоспарлау, мониторингілеу, есепке алу және талдау бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары орындайтын міндеттерді автоматтандыру үшін тағайындалған.

Жүйе денсаулық сақтау мамандарының ресурстарды есепке алу үдерісінде орындалатын фукцияларын автоматтандыруды көздейді, оны келесі қызмет түрлері бойынша жіктеуге болады:

- ақпараттық-есептеуіш: деректер ауқымын жинау және жүргізу, өтінім бойынша ақпарат алу және ҚР БҰДСЖ компоненттерін ұсыну, тиісті есеп құжаттарын дайындау, қажетті есептерді орындау, іскерлік және  тұрақты қызметті автоматтандыру;

- басқарушылық: саланы білікті кадрлармен және заманауи материалдық ресурстармен қамтамасыз етумен байланысты мамандардың қызметін жоспарлау, жоспардың орындалуын және сапасын бақылау, біртиптік міндеттерді шешумен байланысты түрлі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру, реттеуші нормативтік актілерге сәйкес кейбір міндеттердің үлгілік шешімін ұсыну.

 

Автоматтандыру объектілерінің тізбесі.

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
  • Денсаулық сақтау басқармасы;
  • Медициналық ұйымдар;
  • ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК және оның филиалдары.

 

Ақпараттық жүйеде авторлану:

Мына мекенжай бойынша: www.eisz.kz

 

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «ПСИХИКАЛЫҚ НАУҚАСТАР ТІРКЕЛІМІ» қосалқы кіші жүйесі

Жүйе диспансерлік есепке алынған, есептен шығарылған және есепте тұрған психикалық бұзушылықтары бар науқастардың деректерін жинау және өңдеу үдерісін автоматтандыру үшін тағайындалған.  Тіркелім психикалық бұзушылықтары бар науқастардың сырқаты, мүгедектігі, өлім-жітімі және емдеу-профилактикалық шаралардың тиімділігі туралы дұрыс ақпарат беруге мүмкіндік береді.  

ПНЭТ порталының құрылымы келесідей негізгі компоненттерден тұрады:

  1. «Бақылау картасы» - психикалық бұзушылықтары бар адам бойынша ақпаратты енгізу және қарау үшін тағайындалған.
  2. «Есептер» - Республика, облыстар, өңірлер және МҰ бөлінісінде статистикалық және талдамалық шығармалы нысандарды құру үшін тағайындалған.
  3. «Әкімшілендіру» - есеп жазбаларын көрсету үшін тағайындалған.

Жүйеге кіру https://www.eisz.kz. сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

«Дәрілік қамтамасыз етуді басқару, дәрілік заттарды мониторингілеу жүйесі» ақпараттық жүйесі (ДҚБЖ)

https://sulo.eisz.kz

 Жүйені құрудағы мақсат:

- Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық мақсатта қолдануға рұқсаты бар дәрілік заттар (ДЗ), медициналық мақсаттағы бұйымдар (ММБ), медициналық техника (МТ) туралы деректердің бірыңғай базасын құру (Дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелімі);

- Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық мақсатта қолдануға рұқсаты бар ДЗ, ММБ және МТ бірыңғай мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік тіркелім Қазақстан Республикасында тіркелген және ҚР аумағында медициналық мақсатта қолдануға және іске асыруға рұқсат алған барлық отандық және шетелдік ДЗ, ММБ, МТ туралы толық ақпаратты қамтиды.

Мемлекеттік тіркелімді жүргізу дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік органға жүктелген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті бұйрығының негізінде құрылады.

 

                Мемлекеттік тіркелімде дәрілік заттар бойынша келесі деректер ұсынылған:

  • тіркеу нөмірі (қазақ және орыс тілдерінде);
  • тіркеу түрі;
  • тіркеу мерзімі;
  • тіркеу мерзімінің өту күні;
  • сақтау мерзімі;
  • тауарлық атауы;
  • өндіруші, ел;
  • дәрілік зат түрі;
  • ХПА (халықаралық патенттік емес атауы);
  • әрекеттегі заттың құрамы;
  • АТХ (халықаралық анатомдық-терапевиялық-химиялық жіктемесі);
  • фармакологиялық әсері;
  • дәрілік нысаны;
  • шығару түрі;
  • мөлшерлемесі және топтамасы;
  • қаптамасының макеттері мен фасовкасы;
  • пайдалану тәсілдері;
  • дәріханадан жіберу талаптары;
  • бақылау тізімдеріне тиістілігі (наркотикалық заттар, психотроптық заттар және прекурсорлар);
  • түпнұсқалық немесе көшірме ДЗ, GMP, патенттің және тауарлық маркасының белгілері;
  • нормативтік құжат бойынша деректер;
  • медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтар.

 

Мемлекеттік тіркелімде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника бойынша келесідей деректер қамтылған:

  • тіркеу нөмірі (қазақ және орыс тілдерінде);
  • тіркеу түрі;
  • тіркеу мерзімі;
  • тіркеу мерзімінің өту күні;
  • сақтау мерзімі;
  • тауарлық атауы;
  • өндіруші, ел;
  • дәрілік зат түрі;
  • қауіпсіздік класы;
  • тағайындалуы;
  • қолдану аймағы;
  • қысқаша техникалық сипаттамасы;
  • жиынтығы;
  • қаптамасының макеттері мен фасовкасы;
  • ММБ және МТ, GMP, патенттің және тауарлық маркасының белгілері;
  • медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулық.

ҚР ДСМ Фармация комитетінің жүйе қолданушылары.

 

«Медициналық техниканы басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі (МТБЖ)

Жүйе 2013 жылы әзірленген, ҚР ДСМ №85 бұйрығымен 2014 жылдың сәуір айында пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық техника туралы деректерді автоматты жинау, өңдеу және сақтау, сондай-ақ өтінім бойынша қатысушы тараптардың шешім қабылдауымен медициналық техниканы сатып алуға өтінімдерді қалыптастыру үдерісін автоматтандыру және олардың денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылуын әрі қарай мониторингілеу мақсатында тағайындалған. Сонымен қатар, МТБЖ-да ұйымдардың медициналық техникамен жарақтануын есептеу және техникаға деген қажеттілікті анықтау мүмкіндігі іске асырылған (№ 850 бұйрыққа сәйкес).

Жүйе келесі модульдерден тұрады:

«Ұйым» ұйымның деректерін енгізуге (ұйым атауы, мекенжайы, басшысы, деректемелер), ұйымдағы техника туралы ақпаратты енгізу және қарау үшін (техниканың атауы, моделі, шығарылған күні, пайдалануға берілген күні, түгендеу және сериялық нөмірі, құны, тозу % және басқа) тағайындалған;

«Медициналық техниканы сатып алуға өтінім» өтінімді құрып, медициналық ұйым атынан лизинг беруші мен Денсаулық сақтау басқармасының деңгейінде қарау үшін  жіберуге тағайындалған (техниканың құнына қарай);

«Шығару нысандарын құру» облыстар, аудандар, медициналық ұйымдар бөлінісінде талдамалық, статистикалық, дербестендірілген шығармалу нысандарды қалыптастыру үшін тағайындалған;

«Әкімшілендіру» қолданушылардың қолжетімділік құқықтарын басқару, жүйе конфигурациясын жөндеу үшін тағайындалған.

МТБЖ негізгі қолданушылары:

  • Медициналық ұйымдар – ұйым және медтехника бойынша деректерді енгізуді қамтамасыз етеді;
  • Денсаулық сақтау басқармасы – медициналық ұйымның медициналық техниканы сатып алуға берген өтінімін қарау және келісу кезеңіндегі келісу органы болып табылады, сонымен қатар медициналық техника бойынша деректердің енгізілуіне мониторинг жасайды, өзекті деректердің болуын бақылайды және өз өңірінде медициналық техникаға деген қажеттілікті бақылап, жарақтануын қадағалайды;
  • Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ ФК) есеп нысандарының көмегімен барлық өңірлердің медициналық техникаға деген қажеттіліктерін бақылап, жарақтануын қадағалайды;
  • Лизинг беруші («Қазмедтех» АҚ) – МТБЖ АЖ-дағы лизингте медтехниканы сатып алуға өтінімді қарап, келіседі.

https://sumt.eisz.kz

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі

ДНЭТ АЖ диспансерлік есепте тұрған науқастардың орталықтандырылған ақпараттық бірыңғай базасын (электрондық тіркелім) құру үшін және амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік қамтамасыз етуге қажеттілікті анықтау үшін тағайындалған. 

Автоматтанған қызмет түрі – халықтың диспансерлік топтарының тіркелімін құру;

«ДНЭТ» порталының автоматтандыру объектілері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері және еншілес ұйымдары болып табылады.

«ДНЭТ» порталы диспансерлік науқастардың есебін жүргізу бөлінісінде медициналық ұйымдардың жұмыскерлеріне науқастарды диспансерлік есепке алуды және бақылауды, диспансерлік науқастардың тіркелімін құрып, сақтауды, статистикалық және талдамалық деректерді өңдеп, ұсынуды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Жүйенің құрамы және оның ішіндегі шешілетін функционалдық міндеттердің өзара әрекеттесу тәртібі:

  1. Дереккөздер келесі қосалқы кіші жүйелер болып табылады:

- СБЖ – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың есебі» қосалқы кіші жүйесі;

- ННТ - «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Наркологиялық науқастар тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі;

- ПНТ – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Психикалық науқастар тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі;

- ҚДҰТ – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Қант диабеті» Ұлттық тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі;

- ТНҰТ – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Туберкулезбен науқастардың ұлттық тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі;

- медициналық ұйымдардың «Емхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

- «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі.

Автоматтандыру объектілері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, диспансерлік науқастарды тіркеу және бақылаумен байланысты оның құрылымдық және еншілес ұйымдары болып табылады.

Жүйеге кіру  https://www.eisz.kz. сілтемесі бойынша БАН арқылы жүзеге асырылады.

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Қант диабеті» Ұлттық тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі

Жүйе қант диабетімен диспансерлік есепке алынған, есептен шығарылған және есепте тұрған науқастардың деректерін жинау және өңдеу үдерісін автоматтандыру үшін тағайындалған.  Тіркелім қант диабетімен науқастардың сырқаты, өлім-жітімі туралы толық дұрыс ақпаратты алуға, емдеу-профилактикалық шаралардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

ҚДҰТ порталының құрылымы келесідей негізгі компоненттерден тұрады:

  1. «Бақылау картасы» - пациент бойынша ақпаратты енгізу және қарау үшін тағайындалған.
  2. «Есептер» -  облыстар, өңірлер және МҰ бөлінісінде статистикалық, талдамалық шығармалы нысандарды қалыптастыру үшін арналған.
  3. «Әкімшілендіру» - қолданушылардың қолжетімділік құқықтарын басқару, жүйе конфигурациясын жөндеу үшін тағайындалған.

Жүйеге кіру  https://www.eisz.kz. сілтемесі бойынша БАН арқылы жүзеге асырылады.

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Наркологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі

Жүйе диспансерлік есепке алынған, есептен шығарылған және есепте тұрған наркологиялық науқастардың деректерін жинау және өңдеу үдерісін автоматтандыру үшін тағайындалған.  Тіркелім наркологиялық науқастардың сырқаты, мүгедектігі, өлім-жітімі туралы толық дұрыс ақпаратты алуға, емдеу-профилактикалық шаралардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

ННЭТ порталының құрылымы келесідей негізгі компоненттерден тұрады:

  1. «Бақылау картасы» модулі – наркологиялық науқас бойынша ақпаратты енгізу және қарау үшін тағайындалған.
  2. «Бақылаусыз наркологиялық есепке алу» модулі - бақылаусыз наркологиялық науқас бойынша ақпаратты енгізу және қарау үшін тағайындалған.
  3. «Есептер» модулі -  Республика, облыстар, өңірлер және МҰ бөлінісінде статистикалық, талдамалық шығармалы нысандарды қалыптастыру үшін арналған.
  4. «Әкімшілендіру» модулі – есеп жазбаларын көрсету үшін тағайындалған.

ННЭТ порталы БХТ, РБЖ ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Жүйеге кіру  https://www.eisz.kz. сілтемесі бойынша БАН арқылы жүзеге асырылады.

 

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Вирустық гепатиттері бар пациенттердің тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі

Жүйе Қазақстан Республикасында бауырдың вирустық ауруларын (бұдан әрі – БВА) анықтау, емдеу және алдын алу тиімділігін мониторингілеу үшін тағайындалған. 

Жүйе вирустық гепатиттермен науқастарды диспансерлік есепке алуды және бақылауды, вирустық гепатиттері бар пациенттердің тіркелімін құрып, сақтауды және вирусқа қарсы терапияға жататын БВА пациенттерінің контингентін анықтауды, сонымен қатар статистикалық және талдамалық деректерді өңдеп, ұсынуды автоматтандыру үшін тағайындалған. 

ВГПТ порталының құрылымы келесідей негізгі компоненттерден тұрады:

  1. «Бақылау картасы» модулі – вирустық гепатиттері бар науқастарды есепке алу және бақылау үшін тағайындалған.
  2. «Есептер» модулі -  облыстар, өңірлер және МҰ бөлінісінде статистикалық, талдамалық есеп нысандарын қалыптастыру үшін арналған.
  3. «Әкімшілендіру» модулі – есеп жазбаларын көрсету үшін тағайындалған.
  4. «Қайтыс болу туралы хабарлама» модулі – есептен шықпаған, қайтыс болған пациент бойынша ақпаратты көрсету үшін тағайындалған.

Жүйеге кіру  https://www.eisz.kz. сілтемесі бойынша БАН арқылы жүзеге асырылады.

 

«Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі (ОНЭТ)

Жүйе Қазақстан Республикасындағы онкологиялық диспансерлердің пациенттерін есепке алу, әлеуметтік мәні бар аурулармен сырқаттанған науқастарға көрсетілетін медициналық көмек көлемі туралы ақпаратты енгізу және өңдеу үшін тағайындалған. 

«Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі қаржылық және өндірістік блоктан тұрады.

Жүйенің өндірістік блогы – барлық Республика бойынша онкологиялық науқастардың деректерін енгізу бойынша бірыңғай жүйе. Бұл блокта қымбат тұратын химиялық препараттарды сатып алу, дәрілік заттардың шығысы мен жоспарлануы қадағаланып отырады. Стационар және амбулаториялық деңгейде окнологиялық науқастардың қозғалысы есепке алынады.

Жүйенің қаржылық блогы - әлеуметтік мәні бар аурулармен сырқаттанған науқастарға медициналық көмек көрсететін диспансерлердің барлық төлем құжаттарын, әлеуметтік мәні бар аурулармен сырқаттанған науқастарға медициналық көмек көрсететін ұйымдар мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары арасындағы шарттарды қамтиды. 

Мақсатты аудитория:

– Денсаулық сақтау субъектілері, меншік түріне және медициналық қызметтер көрсету деңгейіне қарамастан;

– Жергілікті деңгейде денсаулық сақтауды саяси басқаратын денсаулық сақтау басқармасы жергілікті органдары;

– халыққа ТМККК көрсетуге мемлекеттік тапсырыстың орындалуына бақылауды және медициналық ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асыратын ӘМСҚ және оның филиалдары;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК;

– Әлеуметтік мәні бар аурулармен сырқаттанған науқастарға медициналық көмек көрсететін облыстық, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының диспансерлері;

– Ғылыми орталықтар, Республикалық деңгейдегі институттар.

Мекенжайы: erob.eisz.kz

 «Бірыңғай төлем жүйесі» ақпараттық жүйесі (АЕК ТЖ)

Мақсатты аудитория:

  • Емханалар, консультациялық-диагностикалық орталықтар, стоматологиялық емханалар, зертханалар және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін басқа ұйымдар;
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және оның құрылымдық бөлімшелері;
  • «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ;
  • Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Денсаулық сақтау басқармалары.

  

АЕК ТЖ жобасының мақсаты әр бекітілген ҚР тұрғынына жан басына шаққандағы кешенді норматив бойынша қаржылдандыруға көшу үдерісін ақпараттық қолдаумен негізделеді.

АЕК ТЖ медициналық-санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде көрсетілген медициналық көмекке ақы төлеу үдерісін автоматтандыруға арналған.  Жүйе, бұдан бөлек медициналық ұйымдар арасындағы өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қосымша тағайындалған.