ҚР ДСМ «РЭДСО» Алматы қалалық филиалының ҚАРЖЫ-ӘКІМШІЛІК БӨЛІМІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

  1. Қаржы-әкімшілік бөлімі (бұдан әрі-бөлім) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы қалалық филиалының (бұдан әрі-филиал) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:
  • «РЭДСО» РМК бұдан әрі «Кәсіпорын» Жарғысын;
  • Кәсіпорынның ұжымдық шартын;
  • Филиал туралы ережені;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, қаржылық есептің халықаралық стандарттарын, сапа саласындағы халықаралық және қазақстандық стандарттарды, тиісті саланың (ҚР СДМ) өкілетті органының, бөлім қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының әдістемелік және өзге материалдарын;
  • кәсіпорынның ұйымдастыру-басқару құжаттарын (бұдан әрі-Кәсіпорыннның актілері);
  • кәсіпорынның Қадағалау кеңесі мен өзге консультавтік-кеңесші органдарының шешімдерін;
  • бас директордың, филиал директорының және құзыреттілігіне сәйкес орынбасарларының бұйрықтарын, өкімдерін және нұсқауларын;
  • кәсіпорынның қаржылық қызметінің (Экономика және қаржы департаменті) өкімдері мен нұсқауларын;
  • осы Ережені.
  1. Ұйымдық құрылымы
    1. Бөлім филиал құрылымына кіреді және оның ішкі қызметі мен бөлімшелері болмайды.
    2. Белгіленген нормативтердің есебіне сәйкес бөлім қызметкерлерінің сандық құрамы мен лауазымдар құрамы анықталады:
  • Филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметінің бағыты, спецификасы, масштабы, түрі;
  • Филиал қызметкерлерінің жалпы орташа жылдық саны;
  • Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің номенклатурасы;
  • Филиалдың іске асыратын жабдықтаушылар мен қызметке тапсырыс берушілердің орташа жылдық саны;
  • Бөлім құрамы мен функциялар мазмұны;

және филиалдың штаттық кестесінде бекітіледі.

  1. Бөлім құрамына (штатқа) кіретін әрбір лауазымға тағайындау, лауазымдық міндеттер құрамы мен біліктілік сипатамасына тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.
  1. Басқару және есеп беру
    1. Бөлімнің тікелей басшылығын басшысы (филиалдың бас бухгалтері) жүзеге асырады, осы ережеге сәйкес бөлім қызметінің барлық бағыты бойынша жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді және бөлімдегі еңбекті ұйымдастыруға жеке жауапкершілік артылады.
    2. Бөлім өз қызметінде есеп береді:
  • Бас директорға, Бас директордың курация бойынша орынбасарына, филиал директорына, - бөлім қызметінің барлық мәселелері бойынша;
  • Кәсіпорын қаржылық қызметінің директорына – филиалдың  қаржылық-шаруашылық қызметінің мәселелері бойынша;
  • Кәсіпорынның бас бухгалтеріне – бухгалтерлік, салық есебін, қаржылық есепті жүргізу мәселелері бойынша.
  1. Бөлімнің мақсаты мен міндеттері
    1. Бөлім қызметінің негізгі мақсаты болып табылады:
  • даму стратегиясын, бөлім қызметінің бағыттары бойынша Кәсіпорынның саясатын орындау;
  • мүдделі тұлғаларды филиал қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайы туралы толық және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • филиал қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету;
  • филиалда атқарушылық және қаржылық, еңбек тәртібін сақтауды, өндірістік қуат пен ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • бірыңғай техникалық саясаты мен құжаттар жұмысының заманауи техникалық құралдарын қолдану негізінде филиалдың құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
  • филиал қызметін экономикалық тиімділігінің максималды мүмкіндігімен әкімшілік-шаруашылық, материалды-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету;
  • материалдық ағымды басқаруды ұтымды жолымен филиалдың шаруашылық қызметін жетілдіру.