ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ АҚПАРАТТАНДЫРУ СЕКТОРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

  1. Ақпараттандыру секторы (бұдан әрі – Сектор) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қалалық филиалы (бұдан әрі – ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК филиалы) денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Өз қызметінде сектор Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК жарғылары мен регламенттерін, Филиал туралы ережені, Бөлім туралы ережені, Құжаттандыру қағидалары мен басқарма құжаттамаларын, Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, ҚР ДСМ «РЭДСО» РМК және оның филиалының актілерін, ҚР ДСМ «РЭДСО» РМК филиалы басшылығының, Бөлім басшысының, секторы меңгерушісінің өкімдері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Сектор өз қызметін ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК филиалының өзге де құрылымдық бөлімшелерімен және ҚР ДСМ «РЭДСО» РМК-мен, сонымен қатар шарттық қарым-қатынас шеңберінде өзге де заңды және жеке тұлғалармен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады.
  4. Сектордың лауазымдық міндеттері және қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары олардың лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

 

Сектордың мақсаты мен міндеттері

 5.Сектордың басты мақсаттары:

  • ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК филиалындағы пайдаланушылардың техникалық және бағдарламалық қолдауы бойынша жергілікті желі, сервер, желілік құрылғылар, компьютерлер, принтерлер, факстер, сканерлер, көшірмелер және басқа да электрондық техниканы, телемедицина және бейне конференц байланыс, сараптама жүргізу және мониторинг жеткізуді қоса алғанда, аумақтық органдары және медициналық және өзге де ұйымдардың шарттық міндеттемелері шеңберінде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК-ның табысталған құқықтары мен міндеттері шегінде сапаны, қабылдап алуды, тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалануды бақылау – денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру кезеңдеріне қатысуын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттандыру жүйесінде қолданылатын бағдарламалық өнімдерді енгізу және пайдалану;
  • өңірде денсаулық сақтау ақпараттандыру жүйесінің (бұдан әрі – ДСАЖ) үздіксіз жұмыс сітеуін және олардың жұмыс істеуіне әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету;
  1. Сектордың негізгі міндеттері:
  •  ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК филиалы ақпараттық жүйесін серверді, байланыс арналары және басқа түйіндерді қоса алғанда әкімшіліктендіреді;
  • телемедицина жүйесінің тұрақты жұмысқа жарамды күйінде қолдау, телемедициналық іс-шаралар сеансын өткізу кезеңінде тиісті аппаратты-желілік қамтамасыз етудің жұмыс сапасын қамтамасыз ету;
  • денсаулық сақтауды ақпараттандыру шеңберіндегі тауарлар мен қызметтерді жеткізуге сараптама және мониторинг жүргізу;
  • жеткізушілер, тапсырыс берушілер алдында қойылатын барлық міндеттерді, сонымен қатар ақпараттандыру бөлігінде шаруашылық және еңбек шарттарын орындау;
  • жаңа техникалар мен технологияларды, еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын кеңінен қолдануды, ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК филиалы ресурстарының барлық түрін ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;
  • ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК филиалы ақпараттық инфрақұрылымын пайдалануы, әкімшіліктендіруі және жаңғыртуы бойынша жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру, орындау және бақылау;
  • ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК филиалы ақпараттық инфрақұрылымындағы қолданбалы бағдарламаларымен және регламенттерінің есептеуіш техникасымен жұмысы бойынша нұсқаулықты әзірлеу;
  • ҚР ДСМ ШЖҚ «РЭДСО» РМК филиалы ақпараттық инфрақұрылымы жұмысындағы едергілердің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу.