Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.

Бекіту науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі.