2021 жылғы 26 наурызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабакумаровтың, ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың, Денсаулық сақтау вице-министрі А.Гинияттың, сондай-ақ ҚДБ, ӘМСҚ, СЭБК, РЭДСО АҚФ басшылары және т.б. қатысуымен Алматы қаласында Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша кеңейтілген комиссия отырысы өткізілді. Медициналық ұйымдардың жарақтануы, дәрілік препараттардың және жеке қорғаныс құралдардың қоры туралы өзекті мәселелер талқыланды.