Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.

LIVE — Денсаулық сақтау саласындағы цифрлық жобалар және вакцинациялау бойынша хабарлау мәселелері туралы онлайн-брифинг.

LIVE — қала тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға тіркеу алгоритмі мәселелері бойынша брифинг.
Спикер - «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнара Ысқақова.

2021 жылғы 26 наурызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабакумаровтың, ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың, Денсаулық сақтау вице-министрі А.Гинияттың, сондай-ақ ҚДБ, ӘМСҚ, СЭБК, РЭДСО АҚФ басшылары және т.б. қатысуымен Алматы қаласында Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша кеңейтілген комиссия отырысы өткізілді. Медициналық ұйымдардың жарақтануы, дәрілік препараттардың және жеке қорғаныс құралдардың қоры туралы өзекті мәселелер талқыланды.