Қызметкерлерді ұлттық мәдениетке және тарихқа жақындастыру мақсатында, мамырдың 18 күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында мәдени кеш ұйымдастырылды. РЭДСО ұжымы қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» атты спектакліне барды.